Дәрігердің қабылдауында:
– Не істеуге болады, менің күйеуім өзімен-өзі сөйлесе береді.
– Шаршағанда ондай-ондай болады.
– Бірақ ол өзімен-өзі телефонмен сөйлесетіні түсініксіз...
МАИ бекетінде:
– Сіз жылдамдықты арттырдыңыз. Айыппұлды маған төлесеңіз, жіберемін, бірақ қолға бермеңіз.
– Онда өзіңіздің және бастығыңыздың есепшотын айтыңыз.
– Түсінбедім.
– Елден алғаныңызды бәрібір бастығыңызбен бөлісесіз ғой, оның да есепшотына бірден аудара салайын да...
Жазушы жігіт танысына:
– Жақында кітабым шыққан.
– Ғаламтордағы сілтемесін берші, көшіріп алайын.
Екі келіншек сырласып отыр:
– Менің күйеуім біздің қай күні үйленгенімізді де білмейді.
– Еркектердің бәрі сондай ұмытшақ келеді.
– Мұның бір жақсы жағы бар: қыста бір рет, көктемде бір рет есіне түсіріп қоямын да, жылда екі сыйлық аламын...
Емхана. Науқас дәрігерге келіп тұр:
– Не істесем екен? Бір сөзді қайталай беремін, қайталай беремін...
– Қашаннан бері бұлай болды?
– Айттым ғой сізге, не істесем екен деп. Бір сөзді қайталай беремін, қайталай беремін...
Әйелі күйеуіне айқайлап тұр:
– Болды, бұдан былай үйіміздегі күтуші қызға көз салуыңды қой, оны әбден еркелетіп жібердің. Мұныңды тыймасаң – ажырасып тынамыз.
– Қай-қайдағыны айтпа.
– Сен сияқты еркек табылар, бірақ мынадай күтушіні табу оңай деп пе едің...
Бір кісі кішкентай балаға:
– Папаң әйбәт па, мамаң әйбәт па?
– Әйбәт болса не істейін деп едіңіз?
Қызықты анекдоттар

Хина Аояманың қағаздан жасалған ою-өрнектері
Хина Аояма (Hina Aoyama) Жапонияның Иокогама қаласында туылған, бірақ қазіргі кезде Париж тұрып жатыр. Оның жұмыстары өзінің үлпілдігімен, нәзіктігімен таңғалдырады. Оған ою-өрнектерді жасауға тек қағаз бен кәдімгі қайшы ғана керек.

Таңғажайып пейзаждардың топтамасы
Таңғажайып пейзаждардың топтамасы!
Юй-Шань Ұлттық Паркі, Тайвань

Юй-Шань Ұлттық Паркі, Тайвань

Әлемдегі ең қысқа эскалатор
Әлемдегі ең қысқа эскалатор Кавасаки қаласындағы More’s дүкенінде орналасқан. Эскалатордың 5 басқышы 83,4 см-ге көтеріледі. Эскалатор Гиннестің рекордтар кітабына енген. Эскалатор тек төменге ғана түсіреді.

Сәнді аяқ-киім
Мына тозған, кір аяқ-киімді қоқыс тастайтын жерден тауып алған жоқ. Бұл итальян дизайнері Августа Поэллдің (Augusta Poell) сәнді аяқ-киімі болып табылады. Аяқ-киімнің бағасы - 1975 доллар. Міне, осылай ақша жасау керек ;)

Қызғалдақтар
Қызғалдақ туралы ең алғашқы деректер ІХ-ХІІ ғасырларға жатады. Гүлдің ол замандағы атауы - "дюльбаш", сөзді аударатын болсақ "тюрбан" деген мағынаны білдіреді. Тюрбан - Шығыста киілетін бас киім үлгісі. Өз сарайларында тірі гүлден кілем төсеуді армандайтын түрік сұлтандарының ең сүйіктісі де осы сұлу гүл болған деседі.

Кокос тазалаушы
Панама Республикасының азаматы, 64 жастағы Андрес Гардин, Кокос тазалаушы, Вари-Вари немесе Мистер Т деген атпен жұртқа танымал болған. Ол Панама-ситиден 85 км қашықтықта орналасқан Рио Алехандро қаласында өз өнерін көпшілік назарына ұсынуда. Гардин өзін Гиннестің рекордтар кітабына енгізу туралы өтінім берген болатын.